Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Golden Autumn 2024”
25
ноябрь
2024
“Golden Autumn 2024”
Мектебіміздің 2 “А” сынып оқушысы Берікұлы Бекарыс “Golden Autumn 2024” байқауында ГРАН-ПРИ жүлдесімен марапатталады.
Мектепішілік олимпиада
22
ноябрь
2024
Мектепішілік олимпиада
Физика пәні мұғалімдері 19 қараша күні физика пәнінен 9-11 сыныптар арасында мектепішілік олимпиада өткізді. Олимпиадаға 19 оқушы қатысты. Аудандық кезеңге: 9 сынып: 1-орын Муйденов Елжан; 10 сынып: 1-орын Саттархан Арайлым; 11 сынып: 1-орын Мұратұлы Дамир өтті. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз. Физика пәні мұғалімдері: Акманова Қ.С., Тоқсанбаева А.А., Есимжанова М.Ж., Сапашова Ж.А., Ерлан С.
«Білім және мансап-2024»
21
ноябрь
2024
«Білім және мансап-2024»
№181 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2024 жылдың қараша айының 20-ы күні «Атакент» көрме орталығында өткен «Білім және мансап-2024» Халықаралық білім көрмесіне мектебіміздің 11 «Ә», 11 «В» сынып оқушылары барды. Көрмеге барған оқушылар саны – 65. «Білім және мансап» көрмесі білім берудің барлық деңгейлері, заманауи оқыту технологиялары, оқу жабдықтары мен құралдары, жаңа оқу бағдарламалары саласындағы жетістіктерді жиырма жылдан бері ұсынып келген көрме. Бұл көрмеге барған оқушылар
Еркін күрес
20
ноябрь
2024
Еркін күрес
Алматы қаласы Медеу ауданында 17.11.2024ж өткен еркін күрестен кіші жасөспірімдер арасында қалалық жарыста жеңімпаз жүлдегер атанған оқушыларымыз Әділхан Жантөре 6 «Б»🥇 Бәкір Азамат 7 «Д»🥉 Жарылқасын Алихан 7»Ж»🥉 Жарылқасын Ақылжан 6»Ғ»🥉 Жаттықтырушылар: Матанов Мағжан Бәкір Дәурен
Бала шоу ән-би фестивальі
19
ноябрь
2024
Бала шоу ән-би фестивальі
5 «Д» сынып оқушысы Бахтиер Ғалымжан Нуриддинұлы және 4 «Б» сынып оқушысы Серік Уасила Бала шоу ән-би фестивальінде ерекше өнер көрсетіп дипломмен марапатталды.Жетекшісі Байкожаева Умит Мухамыровна.Өнерлі шәкірттеріме сәттілік тілеймін!
“Діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу”
18
ноябрь
2024
“Діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу”
Алматы қаласы Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектепте 9 сынып оқушыларына “Діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу” тақырыбында Дінтанушы Мамырбаев Дидар түсіндерме жұмыстар жүргізді
«CLIL кіріктірілген сабақтар фестивальі»
15
ноябрь
2024
«CLIL кіріктірілген сабақтар фестивальі»
Алматы қаласы Алатау ауданы мектептерінің арасында «CLIL кіріктірілген сабақтар фестивальі» өтті. Фестивальдің мақсаты-өз тәжірибесіне жоғары кәсіби маңызға ие инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізетін мұғалімдерді анықтау және тарату. Жобаға мектебімізден физика пәні мұғалімі Тоқсанбаева А.А.,биология пәні мұғалімі Мергенбаева К.Е., химия пәні мұғалімі Арыстанбекова А.Е. қатысты. Жүлделі III дәрежелі дипломмен марапатталды. Зерттеген тақырыптары: «Жапондық әдіспен алынған
«Ұлттық мектеп лигасы»
14
ноябрь
2024
«Ұлттық мектеп лигасы»
«Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткізілген аудандық іріктеу жарысында баскетболдан мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары қыздар арасында 3-орын алды. Жаттықтырушылар: Какимов Расул, Канатбеков Айбек.
Мектепішілік олимпиада
13
ноябрь
2024
Мектепішілік олимпиада
5-10 сынып оқушылары арасындағы химия, биология және география пәндер мектепішілік олимпиадасы.
Қыздар жиналысы
12
ноябрь
2024
Қыздар жиналысы
Алматы қаласы Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектепте ДТІЖО Сәкен Нұржанұлы, учаскелік полиция майоры Жампеисова Ләйлә Тилеукабденқызы, мектеп психолігі және Аға тәлімгер 9-11 сынып оқушылары қыздарына жиналыс өтті. @edu.almaty