Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бүгін – ерекше күн!
17
апрель
2025
Бүгін – ерекше күн!
Бүгін – ерекше күн! 181 ЖББМ-нің білімге жанашыр ұстаздары «Педагог-зерттеуші» санатына өтініш білдіріп, өздерінің авторлық жұмыстарын Алматы қаласының аудандарына тарату мақсатында онлайн сабақ өткізді. Бұл – тек сабақ емес, тәжірибе алмасудың, ой бөлісудің, ұстаздық шеберлікті шыңдаудың үлкен алаңы болды. Ұстаздарымыздың жаңашылдығы, кәсіби ізденісі мен білімге деген сүйіспеншілігі тағы бір мәрте дәлелденді. Әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз!
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік мұғалімі – 2025» байқауы аясында ашық сабақ өтті!
16
апрель
2025
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік мұғалімі – 2025» байқауы
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік мұғалімі – 2025» байқауы аясында ашық сабақ өтті! 📚 7-сынып | 2-сабақ 📅 08.04.2025 ж. 📍 №9 кабинет ✨ Сабақ жүргізген: Тәңірбергенова Б.И. Сабақ барысында оқушылар тіл мен әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылықпен жұмыс жасады.
“Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік мұғалімі - 2025” байқауы аясындағы ашық сабақ!
15
апрель
2025
“Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік мұғалімі - 2025” байқауы
“Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік мұғалімі - 2025” байқауы аясындағы ашық сабақ! 📚 5-сынып 📅 08.04.2025 ж. 📍 №9 кабинет ✨ Сабақты өткізген: Г.Ж Саменова Балалармен бірге тіл әлеміне қызықты саяхат жасап, шығармашылық пен танымдылықты ұштастырдық!
“Балалардың қауіпсіздігі - біздің ортақ мүддеміз”
14
апрель
2025
“Балалардың қауіпсіздігі - біздің ортақ мүддеміз”
“Балалардың қауіпсіздігі - біздің ортақ мүддеміз” жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектебіміздің ата-аналары қатысты.
“Тілім – тағдырым, әдебиетім – жүрегім.”
11
апрель
2025
“Тілім – тағдырым, әдебиетім – жүрегім.”
“Тілім – тағдырым, әдебиетім – жүрегім.” Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту — мен үшін мамандық емес, миссия. Әр бала — бір әлем, әр сабақ — ұлт рухын оятар жол. «Үздік мұғалім – 2025» байқауы — осы жолдағы тағы бір белесім.
Республикалық турнирде жүлделі III орын
10
апрель
2025
Республикалық турнирде жүлделі III орын
Жарайсың, Алихан! Республикалық турнирде жүлделі III орын иеленген 7 “Ж” сынып оқушысы — Жарылқасын Алиханды жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Түркі тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі»
09
апрель
2025
«Түркі тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі»
«Түркі тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі» №181 мектепте 7-18 сәуір аралығында Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі өтуде! Бұл шара – ұлы академик Әбдуали Қайдардың 100 жылдығына арналды. Онкүндік аясында ашық сабақтар, эссе байқауы, пән мұғалімдерінің сайыстары мен оқушыларға арналған түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мақсат – жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, тіл мен әдебиеттің құдіретін сезіндіру. Тілім менің – тұғырым!
Асхана
08
апрель
2025
Асхана
Асхана – оқушылардың күнделікті ас ішетін орны, мұнда олар өздерінің күш-қуаттарын қалпына келтіреді. Алайда, асханадағы жұмыс тек ас мәзірін ұйымдастырумен ғана шектелмейді. 181 жалпы білім беретін мектептің 3 және 4 сынып оқушылары асхананың тазалығын сақтауға,асхана қызметкерлеріне қол ұшын беріп, көмек көрсету арқылы өздеріне жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Бұл жұмыс олардың ұйымшылдық, тәртіп және еңбекке деген құрметін арттырады. Сонымен қатар, асханадағы оқушылардың көмегі
“Жолда жүру ережесі”
07
апрель
2025
“Жолда жүру ережесі”
Оқушыларға “Жолда жүру ережесі” тақырыбында түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу. @edu.almaty @alatau_bilim_bolimi
“Ұлы дала дарыны”
04
апрель
2025
“Ұлы дала дарыны”
Астана қаласында Еуразия ұлттық университетінде өткен М. Мақатаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған “Ұлы дала дарыны” атты республикалық байқауына қатысып , Ернарқызы Әдемі 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Байкожаева Умит Мухамыровна Марапатты Қазақ радиосы , Шалқар ұлттық радиосының редакторы, Алқа радиосының директоры, ақын-жазушы , журналист Серік Сейтіман табыстады. Оқушымызға болашақта осы оқу орнының