Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Мен өз Отанымның патриотымын”
09
декабрь
2025
“Мен өз Отанымның патриотымын”
Бүгін мектеп қабырғасында ерекше рухани серпіліс сезілді. “Мен өз Отанымның патриотымын” атты эссе байқауы жас жүректердегі елге деген махаббатты тағы бір мәрте оятқандай болды. Сынып бөлмелерінен шығатын қалам сызығының сыбдыры, ойлана қараған көздер, әр сөйлемге жанын салған оқушылардың ынтасы — бәрі бұл байқаудың маңызын айқын көрсетті. Әрбір эсседе баланың өз Отанын қалай түсінетіні, туған жерге деген сүйіспеншілігі, арман-қиялы мен ұлттық рухы көрініс тапты.Бірі туған ауылын жырға бөлесе,
“Адалдық – ар, намыс пен адамгершілік жолы”
08
декабрь
2025
“Адалдық – ар, намыс пен адамгершілік жолы”
Мектеп парламентінің бастамасымен ерекше мағыналы, жүрекке жылы іс-шара өтті. “Адалдық – ар, намыс пен адамгершілік жолы” тақырыбындағы дөңгелек үстел оқушыларды терең ойға жетелеп, адам болмысының маңызды қырларын қайта қарауға мүмкіндік берді. Жиын барысында парламент мүшелері адалдықтың адам өміріндегі орны, шынайылықтың құндылығы, намыстың мәртебесі жайлы пікір алмасты. Әрқайсысы өз ойымен, өз тәжірибесімен бөлісіп, бір-біріне жаңа көзқарас сыйлады. Адалдықты сақтау — тек ереже емес,
“Күзгі асар”
05
декабрь
2025
“Күзгі асар”
Бүгін мектебіміздің бастауыш сыныптары ерекше жылулыққа бөленді. “Күзгі асар” тақырыбындағы жәрмеңке дәлізді балғын балалардың күлкісімен, түрлі-түсті өнімдердің хош иісімен толтырды. Әр сынып өз қолымен әзірлеген тағамдар мен қолөнер бұйымдарын әкеліп, кішкентай саудагерлердей жарқырап тұрды. Бір бұрышта жаңадан піскен бәліштің иісі аңқып жатса, екінші бұрыштан өрнекті тәттілер мен қиялға толы қолөнер бұйымдары көз тартады.Ата-аналар мен ұстаздар балалардың еңбегіне сүйсіне қарап, өз
қыздарға денсаулық, жеке гигиена және тазалық мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары
04
декабрь
2025
қыздарға денсаулық, жеке гигиена және тазалық мәселелері бойынша
Бүгін мектебімізде ерекше маңызды шара өтті. Мектеп медбикесімен кездесуде қыздарға денсаулық, жеке гигиена және тазалық мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында оқушылар өз денсаулығын дұрыс күтіп, таза әдеттерді қалыптастырудың маңызын түсінді. Медбике әр кеңесін нақты мысалдармен, жеңіл түсінікті тілмен жеткізіп, қыздардың қызығушылығын оятты. Сұрақ-жауап сәтінде оқушылар өздерін толғандырған барлық мәселелерді ашық талқылап, сенімді жауаптар алды.Кездесу тек
Балалар футбол лигасы — 2025
03
декабрь
2025
Балалар футбол лигасы — 2025
Балалар футбол лигасы — 2025 ⚽️ 2014 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Алматы қаласының чемпионатында SC Dostar командасының ойыншысы Мұхытұлы Бейімбет «Үздік ойыншы» аталымымен марапатталды! 🏆🔥 Жас талантымыздың жеңісі — еңбектің, тәртіптің және шынайы жанкүйерліктің нәтижесі!
Aggressor wrestling team  ұйымының ұйымдастырған спорттық клубтар арасында өткен жарыс
02
декабрь
2025
Aggressor wrestling team ұйымының ұйымдастырған спорттық клубтар
Aggressor wrestling team ұйымының ұйымдастырған спорттық клубтар арасында өткен жарыста мектебіміз : 5- 🥇 3-🥈 7-🥉 жеңіп жалпы командалық есепте №181 ЖББ мектеп 2 орын иеленді
CLIL  кіріктірілген  сабақтар
01
декабрь
2025
CLIL кіріктірілген сабақтар
Биология пәні: Сырабекова С.Б. Физика пәні: Есимжанова М.Ж. Химия пәні: Қалибек А.А. Мектебіміздің ұстаздары CLIL кіріктірілген сабақтар фестивалінде II дәрежелі дипломмен марапатталды! Бұл — еңбектің, ізденістің және кәсіби шеберліктің жемісі. 💙 Жетістіктеріңіз көп болсын!!! 🥳🥳🥳
Арт-терапия
28
ноябрь
2025
Арт-терапия
Арт-терапия Алматы қаласы Білім басқармасының №181 жалпы білім беретін мектепте көркем еңбек пәнінің мұғалімі М.Уақаптың ұйымдастырумен мектеп әкімшілігіне және әдістеме бірлестік жетекшілеріне арт-терапия сабағы ұйымдастырылды.
«Кітап оқы, ойлан, арманда»
27
ноябрь
2025
«Кітап оқы, ойлан, арманда»
Балалардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру мақсатында «Кітап оқы, ойлан, арманда» атты қысқы демалыста кітап оқуды ұсынады✅ Жас ерекшеліктеріне сай көркем әдебиеттерді оқып, оқушының ойлау қабілетін дамытуға, қиялын ұштауға және оқу мәдениетін қалыптастыруға қысқы демалысты тек тынығумен ғана емес, рухани дамумен, пайдалы әдеттермен және кітап оқуға қызығушылығын арттыруға қысқы демалысты кітаппен бірге мәнді өткізейік!
төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
26
ноябрь
2025
төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Алатау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі №13-ӨСБ қызметкерлері: аға инженер, аға қызметтік майор Әлімтаева А.С. және инженер, қызметтік капитан Жапарқұл А.Ж. 181-мектепке келіп, келесі тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді: 1.«Жер сілкінісі кезінде 10 қарапайым қадам» 2.«Адамдар жаппай жиналатын объектілерде өрт туындаған жағдайда іс-қимылдар» 3.«Пиротехникалық өнімдерді қауіпсіз қолдану бойынша» 4.«Бала бар пәтерде қауіпсіз орта құру