Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Түсіндірме жұмыстары
20
сентябрь
2021
Түсіндірме жұмыстары
№181 ЖББ мектепте 17.09.2021 күні мектеп инспекторы Е.К. Нусупбаев және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.С.Исатаева, С.Н.Нұржан кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық және қоғамдық жерлерде өзін-өзі ұстау жайлы түсініктеме жұмыстары жүргізіліп ескертулер жасалды. Және де мектеп формасы, мектепішілік бұйрығына сәйкес мектеп тәртібін сақтау жөніндегі тәрбие жұмыстары жүргізілді.
Сүйікті қалам -Алматы
17
сентябрь
2021
Сүйікті қалам -Алматы
15.09.2021 күні 6 ,В’ сынып оқушыларымен тәрбие сағат өткізілді. Сынып жетекшісі: Сапашова Жанар Аманжолқызы. Тәрбие сағатының тақырыбы: менің отбасымның сүйікті қаласы-Алматы.Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға Алматы қаласының тарихы жайлы түсінік беру. Оқушының таным, ойын, тілін дамыту. Өз пікілерін ашық айтып, өзгелердің пікірімен санаса білуге дағдыландыру. Сөйле шеберлігін, мәдениетін, сөздік қорын байыту. Өз елін, жерін сүйетін, өз елінің қалаларынның өркендеуіне үлес қосатын азамат
Ата-аналар назарына
16
сентябрь
2021
Ата-аналар назарына
Қарым-қатынас адам өміріндегі маңызды дүниелердің бірі, дегенмен де балаларымыздың бөгде адамдармен қарым-қатынасқа түсуін әрбір ата-ана қолға алу керек. Сол себепті, осындай мәселе туындамас бұрын әрбір ата-ана балаларымен тығыз қарым-қатынаста болып, түсіндіруі, ақпарат беруі қажет. Осыған орай, мектебіміздің ата-аналарына алдын-алу шараларына байланысты жадынама ұсынамыз.
Алматы - арман қала
16
сентябрь
2021
Алматы - арман қала
16 қыркүйек күні Тоқсанбаева Айнұр Амангелдіқызы 5 "А" сыныбымен Ашық тәрбие сағатын өтті. Тақырыбы: "Алматы-арман қала"Сабақтың​ мақсаты: Білімділік : Алматы​ қаласының​ 1000 жылдан астам тарихын , оның көне, ортағасырлық және одан кейінгі даму кезеңдерінің тарихы туралы оқып- үйрену. Дамытушылық : Алматы​ қаласының өткен тарихы туралы жан-жақты жаңа білім алу. Тәрбиелік : Патриоттық тәрбие​беру, өз Отанынының тарихын құрметтеуге​тәрбиелеу.
Ақпарат
15
сентябрь
2021
Ақпарат
«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»,- деп әл – Фараби бабамыз айтқандай тәрбиені отбасында балаға терең түрде беру керек. Отбасында махаббат,тәлім-тәрбие көріп өскен баланың ішкі дүниесі өте бай, өмірге деген құштарлығы жоғары болып келеді. Қазіргі таңда көп ата-аналар бала тәрбиесіне көңіл бөлмейді. Ал шындығында, балаларға жас ерекшелігіне сәйкес тәлім-тәрбие берілуі қажет. Жоғарғы педагогикалық оқу орнында оқып жүргенімізде ұстаздарымыз «Жас ерекшелігі педагогикасы» пәнінде
Жас ұлан ұйымы Ұланбасшысы
14
сентябрь
2021
Жас ұлан ұйымы Ұланбасшысы
14.09.2021 күні №181 ЖББ мектепте 9-10 сынып оқушылары арасында мектепішілік «Жас Ұлан» ұйымы Ұланбасшысын сайлау рәсімі болып өтті. Сайлауға жеті үміткер өз кандидатурасын ұсынды. Әр оқушы жоспар бойынша өз жұмыстарын таныстырды. Сайлау нәтижесі бойынша 10 «А» сынып оқушысы Ардыкова Мадина «Жас Ұлан» ұйымы Ұланбасшысы болып тағайындалды.
Ауылдағы бір күн
11
сентябрь
2021
Ауылдағы бір күн
07.09.2021 ж күні мектебімізде 6 "Л" сынып оқушыларымен "Ауылда өткен бір күнім" атты тәрбие сағаты өте жоғарғы деңгейде өткізілді. Мұғалімі: Алдаберлі Мархабат Тәттібайқызы. Бұл тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды ауыл тынысымен таныстырып, туған жерге деген ыстық сезімін бөлісуге, әр баланың елін, Отанын қадірлеуге бағыттау. Туған  жердің  қадір– қасиетін  ұғынуға, өз  ойларын  жүйелі түрде  жеткізе  білуге үйрету. Ұстаздар мен оқушылар ауылға бір саяхат жасап қайтты.
Елбасы жолдауы
10
сентябрь
2021
Елбасы жолдауы
№181 жалпы білім беретін мектебі Қасым-Жомарт Кемелұлы Токаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына " Халық бірлігі және жүйелі реформалар- ел өркендеуінің берік негізі" атты жолдауы мектеп ұжымымен талқыланды.