Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тренинг
29
ноябрь
2021
Тренинг
19 қараша күні 9"Е" сыныбында ата-аналармен тренинг өткізілді.Такырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар-жанұядағы тәрбиенің негізі. Мақсаты: отбасындағы ананың, әкенің,баланың рөліндегі мейірімділіктің, жауапкершіліктің,жанашырлықтың маңыздылығын түсіндіру. Сынып жетекшісі:Мухамедиярова Жанна
Жас Ұланға қабылдану
27
ноябрь
2021
Жас Ұланға қабылдану
№181 ЖББ мектепте 1-Желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Біріңғай " Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына 5 - сынып оқушыларын қабылдау рәсімі болып өтті. Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік,отан тарихына, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Қосымша сабақтар
27
ноябрь
2021
Қосымша сабақтар
Мектебіміздің физика, математика пәні мұғалімдері сенбі күндері балалардың білімін толықтыру мақсатында қосымша жұмыстар жүргізіп жатыр. Ұстаздарымызға үлкен рахмет. Қосымша білім аламын деген балалар сенбі күндері мұғалімдер сіздерді күтеді. Мектеп сіздер үшін ашық
Жетістіктер
26
ноябрь
2021
Жетістіктер
ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ӨТКЕН ҚАЛАЛЫҚ ЖАРЫСТА ОРЫН АЛҒАН 181 МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ: ЕРНАРҰЛЫ ЕРБАТЫР 1 ОРЫН 🥇🏆4 И сынып СЕРІК ШЫҢҒЫС 3 ОРЫН🥉3 ж сынып ЖАРЫЛҚАСЫН БЕКНҰР 3 ОРЫН 🥉4 Ж СЫНЫП ӘБІЛХАН САНЖАР 3 ОРЫН 🥉6 Д сынып СЕМБАЙ АЙДЫН 3 ОРЫН 🥉5 А СЫНЫП
Ұлттық киім- ұлт мұрасы
25
ноябрь
2021
Ұлттық киім- ұлт мұрасы
"Сымбат" сән академиясы "Таланттар академиясының"бас директоры Аят Мәдібекұлының қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай №181 ЖББ мектепте "Ұлттық киім- ұлт мұрасы" тақырыбында кеш ұйымдастырылды. Кештің ұйымдастырылу мақсаты: оқушыларға ұлттық киімдері мен қолөнер бұйымдарын таныстырып, жас ұрпаққа насихаттау.
Жетістіктеріміз
25
ноябрь
2021
Жетістіктеріміз
Халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайта отырып еліміздің өркендеуі жолында жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі қажырлы еңбегіңізді жоғары бағалап "Бейбітшілік Әлемі" Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ЛИДЕР ОБРАЗОВАНИЯ" медалімен Сатаева Женискуль Имангалиевна марапатталды.
Жетістіктер
24
ноябрь
2021
Жетістіктер
"Тәуелсіздікке 30 жыл. Халықтар Достығы" Халықаралық өнер - білім фестивалінде танытқан өнері, дарыны және рухани даму жолындағы еңбегі үшін "Абай" төсалқасымен және І - орын дипломымен №181 ЖББ мектептің оқушылары Ажарбек Бақжанар және Бақтыбек Нарбол марапатталды.
Жетістіктер
23
ноябрь
2021
Жетістіктер
"Тәуелсіздік - жыр, әнім "атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы Өнер байқауына "Дәстүрлі ән" номинациясы бойынша №181 ЖББ мектептің 8 "Д" сынып оқушысы Шәріпбай Ақдидар Нұрланқызы жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды .
Жетістіктер
23
ноябрь
2021
Жетістіктер
Шығармашыл оқушылар арасындағы "Ақберен" республикалық өнер байқауының аудандық кезеңіне "Ақындар мүшәйрасы" номинациясы бойынша қатысып, №181 ЖББ мектептің 9 "А" сынып оқушысы Елемес Ақбота жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Сманғали Ақерке
Жетістіктер
23
ноябрь
2021
Жетістіктер
23.11.2021 күні мектебімізде 9-10 сынып оқушыларына мектепішілік жиын өткізіліп, аудандық,қалалық,республикалық, халықаралық байқауларға қатысқан оқушыларды мақтау грамоталарымен марапатталды.