04
май
2020
«Қайырымдылық – жүрекке жылу сыйлайды»



Қазақ халқының бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі- жомарттылығы, жүрегінің кеңдігі. Қайырымдылық жасау ісі – ол адамның биік ой санасы десем қателеспейтін шығармын. Қайырымдылық жасаған адам ең бақытты адам. Өйткені, қайырымның артында үлкен жақсылық, тұрады. Жақсылық жасасаң, Алла екі есе етіп қайтарады деген даналық сөз бар. "Жақсы басшы ‒ жұмысын жақсы атқарушы емес, білгенін үйретіп, көрсетіп, жол сілтеп, жақсы маман дайындай білуші, Алатау ауданы №181 жалпы білім беретін мектеп басшысы Сатаева Женискуль Имангалиевнаның бастауымен мектебімізде осындай қайырымдылық жасау шарасы басталып, біздің мектептің мамандарының арасында өз қолдауын тауып, бірнеше отбасыларға азық - түліктей көмек берілді. Сауабы мол, Рамазан айының әр күні, сауапты іс жасау, ешкімнің шарапаты назардан тыс қалмайтынына сенеміз. Қайырымдылық шаралары жалғасын табады деп сенеміз! №181 ЖББ мектеп ұстаздары.#бізбіргеміз Карлыгаш Акмурзаева Алатау Аудандық Білім Бөлімі