Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
апрель
2026

«Эвакуация және халықты шоғырландыру»

АӘТД пәнінен ашық сабақ: «Эвакуация және халықты шоғырландыру»

181 ЖББ мектебінің 10-«А» сыныбында “Дене тәрбиесі бірлестігі” апталығының аясында Алғашқы әскери-технологиялық дайындық (АӘТД) пәнінен кезекті ашық сабақ өтті. 🏫

Сабақтың негізгі тақырыбы – өмірлік маңызды дағдылардың бірі: төтенше жағдайлар кезіндегі эвакуация және халықты шоғырландыру.

📖 Сабақ барысында оқушылар:
✅ Төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекет алгоритмін пысықтады;
✅ Эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастырудың маңыздылығын талдады;
✅ Халықты қауіпсіз аудандарға көшіру және оларды орналастыру ережелерін практикалық тұрғыда орындады.

Мұндай сабақтар жас ұрпақтың өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына, кез келген жағдайда сабырлық сақтап, дұрыс шешім қабылдауға дағдыландырады. 10-«А» сыныбы оқушыларының тақырыпқа деген қызығушылығы мен белсенділігі жоғары болды.

Болашақтың қауіпсіздігі — бүгінгі алған білімнен басталады!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: