Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
апрель
2026

“Әбіш оқулары” республикалық байқауы

22.04.2026ж., Алатау ауданының #181 жалпы білім беретін мектебінде “Әбіш оқулары” республикалық байқауының аудандық кезеңі болып өтті. Байқауға Алатау ауданы мектептерінің оқушылары белсенді қатысып, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығын дәріптеуде терең білімдерін көрсете білді. Бес бағытта өткен доданың “Шығармашылық жұмыс. Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша жоба байқауы” бағытында #178 МГ-ның 10-сынып оқушысы Әбдіманап Нұрай, “Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша ақындар мүшәйрасы” бағытында #201 МГ-ның 11-сынып оқушысы Байтөре Азамат, “Ә.Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу” бағыты бойынша #156 ЖББМ-тің 9-сынып оқушысы Әбен Аяла, “Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу” бағыты бойынша #210 МЛ-дің 9-сынып оқушысы Маратова Медина, “Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым” бағыты бойынша 26 ЖББМ-тің 10-сынып оқушылары Рахым Мирас, Жанабекова Медина, Мырзатай Бекнұр, Азат Еркебұлан, Яхшилик Сабина "“үзден жүйрік, мыңнан тұлпар” атанып, 1- орындарды қанжығаларына байлады. Үздік те талапты шәкірттерімізге қалалық байқауда сәттілік тілейміз!!! Алар асулары көп болып, білім шыңынан көріне берсін!!!👏👏👏

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: