Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
декабрь
2025

«Жас Ұлан» ұйымына қабылдану

Мектебімізде тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 5-сынып оқушылары «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. Бұл шара – жас ұрпақтың патриоттық сезімін, жауапкершілік пен азаматтық борышын қалыптастыруға арналған маңызды қадам болды.Балаларды ұйым мүшелігіне қабылдау рәсімі ерекше атмосферада өтті: әрбір оқушының жүрегі толқып, көздерінен мақтаныш пен сенім көрінді. Ұйымның мақсаты мен міндеттері түсіндіріліп, жаңа мүшелерге еліміздің тарихы мен дәстүрлеріне құрмет көрсетудің маңыздылығы жеткізілді. Осы сәтте әр бала өзіне сеніммен қарап, елге деген махаббат пен жауапкершілік сезімін бойына сіңірді.Шара барысында жас жеткіншектер Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеудің, туын, елтаңбасын және Әнұранын қадірлеудің мәнін түсінді. Сонымен қатар, олар ұйым мүшелері ретінде алдағы уақытта достықты, сыйластықты, бірлікті насихаттайтынына, мектеп және қоғам өмірінде белсенді болатынына серт

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: