24
октябрь
2025
«Таза әлем – таза мектеп» атты сенбілік өтті
«Таза әлем – таза мектеп» атты жалпы мектептік сенбілік өтті. Іс-шара «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.Сенбіліктің негізгі мақсаты – мектеп аумағын таза ұстау, оқушыларға қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру, экологиялық мәдениетті дамыту болды.Шара барысында ұстаздар мен оқушылар бірлесе отырып, мектеп ауласын, гүлзарларды, жасыл аймақтарды тазалап, ағаштар мен гүлдер отырғызды. Сонымен қатар, қоқыс қалдықтары жиналып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.Оқушылар белсенділік танытып, тазалық жұмыстарына үлкен ынтамен қатысты. Мұндай іс-шаралар мектеп ұжымының ұйымшылдығын арттырып қана қоймай, экологиялық тәрбиенің маңыздылығын ұғынуға септігін тигізді.Іс-шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ парызымыз екенін атап өтті.