Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
октябрь
2025

Мектеп Президенті сайлауы

2025 жылдың 06 қазан күні мектебіміздеоқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ мектепішілік өзін-өзі басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында Өзін-өзі басқару ұйымының жаңа мүшелері мен мектеп президентін сайлау үдерісі өткізілді. Сайлау алдын ала жоспар бойынша, демократиялық қағидаттарға және ашықтық, жариялылық, әділдік принциптеріне сүйене отырып ұйымдастырылды. Сайлау үдерісіне 9–11 сынып аралығындағы оқушылар белсенді түрде қатысып, өз таңдауларын жасады.
Сайлау кезеңдері:
•Кандидаттарды ұсыну және тіркеу
•Үгіт-насихат жұмыстары (бағдарламаларын таныстыру, ашық кездесулер)
•Дауыс беру (жабық бюллетень арқылы)
•Дауыстарды санау және нәтижелерді ресми жариялау
Сайлау нәтижесі бойынша:
•Мектеп Президенті болып – 10 «А» сынып оқушысы Асхар Медіғат сайланды.
•Өзін-өзі басқару ұйымының құрамы келесі оқушылардан құрылды:
oВице-президент - Кәрібай Айбек 9 «Е» сынып
oҚамқорлық фракциясы – Манатова Ханифа 10 «Ғ» сынып
oҚұқық және Тәртіп фракциясы – Дүйсен Арсен 10 «Б» сынып
oЭкология және Еңбек фракциясы -Маханова Ақжолтай 10 «Ә» сынып
oМәдениет және Өнер фракциясы - Қали Жансая 10 «Б» сынып
oСпорт және СӨС фракциясы – Сейдахмет Арсен 10 «Б» сынып
oАқпарат фракциясы -Еркінқызы Аяла 10 «Ғ» сынып
oӨзін-өзі тану және Бақыт фракциясы – Сейтқожа Бэназир 10 «Г» сынып
Жаңадан сайланған ұйым мүшелері оқу жылы барысында түрлі мектепішілік іс-шараларды ұйымдастырып, оқушылардың пікірін білдіруші әрі олардың мүддесін қорғайтын өкіл ретінде қызмет атқаратын болады.Аталған іс-шара оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесіне деген қызығушылығын арттырып, әлеуметтік белсенділігін көтеруге ықпал етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: