14
май
2025
«Театрдың ғажайып әлемі»
Театр – өмірдің үні. Жас сахна – жүректің тілі.
181 жалпы білім беретін мектептің Жас сахна театры қалалық «Театрдың ғажайып әлемі» байқауында ІІІ орын иегері атанды!
Сахна төрінде олар Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасын жүрекпен сөйлетіп, ананың сағынышы мен баланың мұңын жанды бейнемен жеткізді.
Бұл – тек қойылым емес, бұл – тағдырдың, ел мен жердің иісі аңқыған шындық еді.
Көрерменді тебірентіп, қазылар алқасын тәнті еткен бұл туынды – шәкірттердің шынайы шеберлігі мен ұстаз махаббатының жемісі.
Жетекшісі – Сабыр Жансәуле, шабыт беріп, әр кейіпкердің жанын ашуға жол сілтеген шын мәніндегі театр жанашыры.
Өнер – жүректен жүрекке жол табу десек, біздің оқушылар сол жолды тапты!
Бүгін – жеңіс,
Ертең – жаңа биік!