24
февраль
2025
Almaty Tech Cup 2025 халықаралық робототехника чемпионаты
Алматы қаласында 21-23 ақпан күндері аралығында өтіп жатқан Almaty Tech Cup 2025 халықаралық робототехника чемпионатын көруге мектебіміздің информатика пәні мұғалімдері мен оқушылары барып қайтты.
3 күндік жарыста қатысушыларға арналған түрлі STEM сабақтар мен технологиялық конференциялар ұйымдастырылған. Жарысқа әлемнің 10-нан астам мемлекетінен келген жас инженерлер қатысып жатыр.
Almaty Tech Cup 2025 чемпионаты – тек жарыс қана емес, сонымен қатар болашақ инженерлер мен жаңашыл ойлайтын жастар үшін үлкен мүмкіндік. Осы күндер ішінде оқушыларымыз жаңа білім алып, түрлі технологиялық жаңалықтармен танысып, өз дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды. Мұндай тәжірибелер олардың болашақтағы үлкен жетістіктеріне жол ашатынына сенеміз.