Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
январь
2025

Қаржылық және құқықтық сауаттылық

Нарықтық қоғамда қаржылық және құқықтық сауаттылық әрбір азамат үшін маңызды. Әрі жалпы экономиканың өзі азаматтардың қаржылай сауаттылығына байланысты. Яғни қаржылық, экономикалық үрдістерді түсініп, талдап және ол машықтарды күнделікті өмірде қолдана алу – қаржылық сауаттылықтың негізі. Былайша айтқанда, қарапайым логика, білім мен дағдылардың жиынтығы. Осы мәселе төңірегінде бүгінгі 20.01.2025ж күнгі 10 «В» оқушыларымен сынып сағатын Асхатұлы Тамерланның анасы, қаржы маманы Абдрахманова Арайлым Ануарбековна жүргізді. «Қаржылық сауаттылық» тақырыбын оқушылар аса қызығушылықпен талқылады. Болашақ ұрпақ үшін білімі мен тәрбиесін ұштастырып жүрген осындай ата-аналарымызға алғысымыз шексіз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: