15
январь
2025
“Баланы – жастан, асылды – тастан”
“Баланы – жастан, асылды – тастан” дейді дана халқымыз. Атақты педагог А.С.Макаренко “Баланы жастайынан жинақы, тәртіптілікке баулып, әрбір іске жауапты етіп тәрбиелесе ол ұққанын әдетке айналдырып келешек тұрмыс барысында да оны еркін қолдана біледі” деген. Адамға жасынан бұлақ суындай мөлдір, айнадай таза болып өмір сүруге машықтану үшін аса үлкен тәрбие керек. Осы тұрғыда мектебіміздегі «Табысты мектеп» жобасы аясындағы іс-шарасы негізінде 10 «В» сыныбына Қуаныш Адинаның әжесі Жаксыгалиева Нурсулу Базаргалиевна «Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері»тақырыбында сынып сағатын өткізді.Сынып сағаты барысында адам баласының бүкіл адами қасиеттері отбасында беріліп, бүкіл ғұмырына негіз болатындығы жайлы ой қозғап, ұлттық құндылығымызды және әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді қастерлеу,сақтау отбасында берілетін тәрбиемен тікелей байланысты екендігін айтып өтті. Сынып жетекшісі Боденбаева К.А