21
ноябрь
2024
«Білім және мансап-2024»
№181 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2024 жылдың қараша айының 20-ы күні «Атакент» көрме орталығында өткен «Білім және мансап-2024» Халықаралық білім көрмесіне мектебіміздің 11 «Ә», 11 «В» сынып оқушылары барды. Көрмеге барған оқушылар саны – 65. «Білім және мансап» көрмесі білім берудің барлық деңгейлері, заманауи оқыту технологиялары, оқу жабдықтары мен құралдары, жаңа оқу бағдарламалары саласындағы жетістіктерді жиырма жылдан бері ұсынып келген көрме. Бұл көрмеге барған оқушылар өздеріне керек көп мағлұмат алды. Сонымен қатар, оқушыларды үздік оқу орындарымен байланыстыруға, бағыт-бағдар беруге, баспалдақ болды.