08
апрель
2022
Мәжіліс отырысы
Бүгін Мәжілісте депутаттардың өңірлерге сапары барысында келіп түскен өтініштерді қарау нәтижелері туралы Үкіметтің ақпаратын тыңдадық.
Ақпан айында депутаттар сайлаушылармен 1600-ге жуық кездесу өткізді. Барлығы мыңнан аса мәселе көтерілді. Солардың біразы бойынша жауапты министрлер жеке-жеке жауап берді.
Мәселен, «медицина пойызының» жандануы қуантарлық жағдай. Биыл екі пойыз 200 станцияға барып, 80 мың тұрғынға тегін медициналық көмек көрсетіледі.
Қазір тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалауға қатысты туындап отырған түйткілді мәселелер көп. Әсіресе, мүлік иелерінің бірлестігін құру төңірегінде әртүрлі пікір айтылуда. Осы орайда барлық тараптардың ұсынысы ескеріліп, бұл мәселеге мұқият қараған жөн деп санаймын. Ол үнемі біздің бақылауымызда болады.
Сонымен қатар тозығы жеткен жылу электр станцияларының мәселесін шешу күн тәртібінде тұр. Бұл бағытта депуттарға министрлікпен бірге тез арада заңнамалық база қалыптастыру қажет.
Шалғай ауылдарды сапалы интернетпен қамту өз алдына бір төбе. Тіпті, елордадан 2-3 шақырым жерде орналасқан кейбір елді мекендердің өзінде интернет жоқтың қасы. Бұл мәселенің шешілуін де басты назарда ұстаймыз.
Қазіргі су алып жатқан елді мекендердің жағдайы да депутаттарды алаңдатып отыр. Әрине, тілсіз жаумен күресу қиын. Бірақ менің ойымша, оның себеп-салдарын жоюға, алдын алуға біздің мүмкіндігіміз жетеді. Осыған ертерек қамдануымыз керек. Жақын арада Мәжілісте су ресурстары тақырыбында үлкен Парламенттік тыңдау өтеді. Көктемгі су тасқыны мәселесін сонда талқылауға шығару керек деп есептеймін.
Бүгінгі Мәжіліс отырысынан кейін бір топ депутат табиғи апаттың салдарымен танысу үшін, зардап шеккен тұрғындардың назын тыңдап, оны жергілікті және орталық атқарушы органдарға жеткізу үшін өңірлерге аттанды. Біз елмен біргеміз!
Мен Үкіметпен бірлесіп атқарылған жұмыс жайлы бірнеше мысал ғана келтірдім. Әрине, мәселенің бәрін бір отырыста қамту мүмкін емес. Дегенмен, көпшілік үшін ортақ мәселелерді шығаруға тырыстық. Өйткені әрбір жағдайдың артында тұрғындардың тұрмысы мен тағдыры тұр. Осыны ұмытпауымыз керек.
Мемлекет басшысы Жолдауында: «Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын», – деген болатын.
Ол үшін Парламент, Үкімет, жергілікті билік, азаматтық қоғам – бәріміз бір кісідей жұмылып, осы мақсатқа талпынуға тиіспіз.
Парламент пен Үкіметтің жаңа форматтағы бұл жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады.