Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
октябрь
2021

Ринат Заитовпен кездесу

Тіл – ұлттың ұйтқысы. Сөзі өз тілінде шыққан халықтың еге¬мендігі баянды, тұғыры қашан да биік. Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы мен салмағы күн санап арта түсуде.
«Тіл тұғыры — ұлт тұғыры» екенін естен шығармауымыз керек. Әсіресе, кейінгі жастар қазақ тілін үйренуге, қазақ тілінде сөйлеуге жетік мән беруі қажет. Себебі жастар — елдің келешегі. Ел келешегі тек қана экономикалық жетістіктермен ғана емес, мәдени-рухани қазыналарымызбен де айқындалып, тұғырлана түсері хақ. Жастарымыздың бойына ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін ояту мақсатында №181 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен 22.09-01.10 аралығында "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" тақырыбында онкүндік өтті. "Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі-тіл, бірі-ділің жүректегі",-деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Осы орайда онкүндік аясында жоспар бекітіліп, бірқатар іс-шаралар өтілді. Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында мұғалімдер түрлі тақырыпта ашық сабақ, пікірсайыс, диспут ұйымдастырды. Ал онкүндік қорытындысы ақын Ринат Заитовтың шығармашылық кешімен өз мәресіне жетті. Белгілі ақын білім ордасына аялдап, жоғары сынып оқушыларымен әсерлі кездесу өткізді. Іс-шараны ашып беріп, сөз сөйлеген мектеп директоры Сатаева Женискуль Иманғалиевна ақынның жеткен жетісті



ктерін тілге тиек ете отырып тіл тағдыры мен ұлт тарихына шолу жасады.
Іс-шара барысында әуелетіп ән шырқап, оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ақын көңіл қуантарлық жауап берді. Ақын өлеңдерін 10-сынып оқушылары Дулатқызы Жаннет, Айдынқызы Арай, Сарқытбек Қайнар жатқа оқып, мектеп мұғалімі, айтыскер ақын Қару Нұрзат ақынға арнау арнады.
Кеш соңында ақын Ринат Рифхатұлы Заитов мектеп түлектеріне ақыл-кеңесін айтып, ақ батасын жыр жолдарымен жеткізді. Мектеп директоры Ж.И.Сатаева ұжым атынан ақынға зор ілтипатпен алғыс білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

15 сентябрь 2021 Ақпарат
01 июнь 2021 Еске алу
17 октябрь 2019 дөңгелек үстел