14
сентябрь
2021
Жас ұлан ұйымы Ұланбасшысы
14.09.2021 күні №181 ЖББ мектепте 9-10 сынып оқушылары арасында мектепішілік «Жас Ұлан» ұйымы Ұланбасшысын сайлау рәсімі болып өтті. Сайлауға жеті үміткер өз кандидатурасын ұсынды. Әр оқушы жоспар бойынша өз жұмыстарын таныстырды. Сайлау нәтижесі бойынша 10 «А» сынып оқушысы Ардыкова Мадина «Жас Ұлан» ұйымы Ұланбасшысы болып тағайындалды.






