Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
январь
2026

ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ҰБТ

ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ҰБТ
📣📣📣📣📣📣📣📣
💻 Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 2025 жылғы 22–30 желтоқсан аралығында өтеді.
📱 Өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
⏳ Тестілеудің өзі 2026 жылғы 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында өтеді.
💡 Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:
✅ орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
✅ шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
✅ өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);
✅ ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар (қандастар);
✅ шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары);
✅ ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар;
✅ ЖОО-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.

💸 Тестілеуге қатысу құны - 5640 тг
Тестіленушілер ҰБТ-ға өтініш беру кезінде тестілеу өтетін ПУНКТТІ, КҮНДІ және УАҚЫТТЫ өз еркі бойынша таңдайды.

👏 Сәттілік!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: