Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы
14
май
2026
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында мектебіміздің бітіруші түлектері мектеп ауласына туя көшеттерін отырғызды 🌱✨ Бұл — туған мектепке деген алғыс пен келер ұрпаққа қалдырған жасыл сый. Бүгін егілген әрбір көшет — түлектердің жарқын естелігі мен ізгі ниетінің белгісі 💚
«Ұстазым» әні
13
май
2026
«Ұстазым» әні
Мектебіміздің бітіруші түлектері «Ұстазым» әнін шырқап, ұстаздарға ерекше құрмет көрсетті ✨ Бұл — жай ғана ән емес, жылдар бойы білім мен тәрбие берген жандарға арналған шынайы алғыс еді. Әр шәкірттің жетістігінің артында бағыт берген ұстаз тұрады. Сондықтан бүгінгі әсерлі сәт — ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластықтың, құрмет пен ризашылықтың көрінісі болды 🤍 Шәкірт жүрегіндегі алғыс — ең үлкен сый.
"SKATE SHYMKENT-2026"
12
май
2026
"SKATE SHYMKENT-2026"
Қуанышты жаңалық! 🏆 5 «Ә» сынып оқушысы Қоңырат Ақниет конькимен мәнерлеп сырғанаудан өткен “SKATE SHYMKENT–2026” халықаралық турнирінде І орын иеленді! 🥇⛸️ Ақниеттің еңбегі мен табандылығының нәтижесі — үлкен жеңіс! Жас спортшымызға биік белестерді бағындырып, алар асуы көп болсын дейміз. Жеңісің құтты болсын, Ақниет! 🌟 Сынып жетекшісі ретінде мақтанамыз! 💐👏
“Гүл Алматы” шарасы
11
май
2026
“Гүл Алматы” шарасы
“Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында “Гүл Алматы” шарасы өтті 🌸 Бүгін мектебімізде “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында “Гүл Алматы” гүл отырғызу шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға мектебіміздің 5-сынып оқушылары, барлығы 350 оқушы белсене қатысты. Шара барысында оқушылар мектеп ауласына гүл отырғызып, табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және туған жерге қамқорлық жасау құндылықтарын іс жүзінде көрсетті. Сонымен қатар, оқушыларға арналған түрлі қызықты
«Тарихқа тағзым, батырларға мың алғыс…
08
май
2026
«Тарихқа тағзым, батырларға мың алғыс…
«Тарихқа тағзым, батырларға мың алғыс… Жеңіс жолында жанын қиған ерлердің рухына арналды. 7-сынып оқушылары дайындаған ерекше мерекелік концерт ❤️ Өткеннің ерлігі — бүгінгі ұрпаққа аманат. 9 мамыр — Жеңіс күні құтты болсын! 🌟
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні
06
май
2026
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні
Құрметті Отан қорғаушылар! Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ел тыныштығы мен халық амандығы жолында қызмет етіп жүрген әрбір азаматқа зор алғыс білдіремін. Сіздердің ерлік пен батылдыққа толы еңбектеріңіз — Тәуелсіз еліміздің берік қорғаны. Жүректеріңізден намыс оты өшпесін, күш-жігерлеріңіз тасып, абыройларыңыз асқақтай берсін! Әр шаңырақта бейбітшілік, әр отбасында қуаныш пен береке орнасын. Еліміздің айбыны артып, көк туымыз әрдайым биікте
3 “Е” сыныбының мақтанышы — Толендиева Айлин!
05
май
2026
3 “Е” сыныбының мақтанышы — Толендиева Айлин!
3 “Е” сыныбының мақтанышы — Толендиева Айлин! 🌸🏆 Айлин, көркем гимнастикадағы жарқын жетістіктеріңмен шын жүректен құттықтаймыз! Сенің еңбекқорлығың, табандылығың мен талантың — баршаға үлгі. Қалааралық және халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүргенің біз үшін үлкен мақтаныш. Биік белестерді бағындырып, армандарыңа жете бер! Әрдайым жеңіс тұғырынан көріне бер! ✨🇰🇿 Сыныптастарың мен ұстаздарың сенімен мақтанады!
Ұшқан ұя шығармасын
04
май
2026
Ұшқан ұя шығармасын
Бүгін біз талдау үшін Ұшқан ұя шығармасын таңдадық.Бұл туынды–жай ғана естелік емес,ол ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтардың терең көрінісі. Кітапты талдай отырып,Жансая 9-сынып оқушыларымен бірге әр адамның тұлға болып қалыптасуы ең алдымен оның өскен ортасына, алған тәрбиесіне байланысты екенін түсіндік. Әсіресе,үлкенге құрмет,кішіге ізет,салт-дәстүрді сақтау сияқты қасиеттердің маңызы айқын көрінеді📚💫
Назад 1 2 Вперед