Ыстық тамақпен қамту » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2021

Ыстық тамақпен қамту

Мектебімізде биылғы оқу жылында да оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылып, оқушыларды ыстық тамақпен қамту жоспары жасалынды. Жоспар бойынша жыл басында көп балалы,толық емес отбасы оқушыларының тізімі жасалынды. Оқу жылының басында азқамтылған,көпбалалы, толық емес отбасынан материалдық - тұрмыстық жағдайын зерделеу барысында 421 оқушы анықталып педагогикалық кеңесте қаралып, шешім қабылданды. «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» үшін құжаттар қабылдау мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес төмендегідей құжаттар дайындалды.
Төмендегі құжаттар негізінде көмек көрсетіледі
1.АСП «АЛАДЫ» немесе «АЛМАЙДЫ» деген анықтама ЦОН
2.Пособия (10500) «АЛАДЫ» немесе «АЛМАЙДЫ» деген анықтама ЦОН
3.Барлық балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмесі(ЖСН /ИИН )
4.Ата-ананың төлқұжаттарының көшірмесі;
5.Ата-ананың неке қию куәлігінің көшірмесі;
6.Жалақы туралы анықтама (кесте түрінде болуы тиіс)соңғы 6 ай; (Жұмыс орнынан)
7.Әкесі не анасы қайтыс болса, (қайтыс болу туралы куәлігінің көшірмесі);
8.Ажырасқан болса,( некені бұзу туралы куәлік көшірмесі,алимент туралы анықтама,жалғызбасты ана болса ф-4) ауру болса мүгедектік туралы анықтама;
9.Жұмыспен қамту орталығынан анықтама (жұмыссыздық туралы);
10. ИП «бар» немесе «жоқ» деген анықтама; (Цон)
11. Зейнетақы қорынан анықтама; (соңғы 6 ай) (Цон)
12. Өтініш. (мектепте жазылады)

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

11 сентябрь 2021 Ауылдағы бір күн
13 февраль 2019 Хабарландыру!!!
13 февраль 2019 Хабарландыру!!!