Оқушыларға » Страница 3 » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық фестиваль
19
декабрь
2023
Республикалық фестиваль
Республикалық фестиваль конкурсында “Ковбой” биімен 1 орынға ие болған 2 ә сынып оқушылары Мухтарбай Каусар, Талғат Кәусар, Амирова Айзере. Алар асуларың көп болсын қыздар! Жарайсыңдар!
“Бес күн-бес іс-шара”
01
декабрь
2023
“Бес күн-бес іс-шара”
“Бес күн-бес іс-шара” атты жоспарымыздың аясынба бүгін бейсенбі күні ұлттық киім-кешек күні өтті. Оқушыларымыз және мұғалімдер ерекше киініп келді. «Адам көркі – шүберек». Кез келген жанның бойына әсемдік сыйлап, талғамын айшықтайтын бұйым – үстіне киген киімі. Ата¬-бабаларымыз ұлттық киімдерімізді зор талғаммен, сәнді әрі қонымды етіп үйлестіре білген. Киім-кешек — тек шүберек қана емес, сол ұлттың мәдениетінен, қоғамдық өмірінен сыр шертетін ажырамас бөлігі.
Ағылшын тілі пәнінен мектепшілік пәндік олимпиада
29
ноябрь
2023
Ағылшын тілі пәнінен мектепшілік пәндік олимпиада
“Алматы Дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау мен қолдау жөніндегі орталығы 2023- 2024 жылдың жоспарына сәйкес мектебімізде 27-28 қараша күндері 5-11 сыныптар арасында ағылшын тілі пәнінен мектепшілік пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша озық шыққан оқушылар іріктеліп, аудандық және қалалық пәндік олимпиадаға дайындық жұмыстары ұйымдастырылады.
“Grand Asia Star” байқауы
28
ноябрь
2023
“Grand Asia Star” байқауы
Мектебіміздің мақтаныштары, Халықаралық, Республикалық конкурс жеңімпаздары “Айша-бибі” би студиясы кезекті Халықаралық “Grand Asia Star” байқауында бас жүлдеге ие болды. Мектеп директоры Жеңіскүл Иманғалевна жеке құттықтап дипломдарын табыстады. Хореограф жетекшісі: Иманбаева Жанар.
“МЕН КӨШБАСШЫМЫН!”
20
ноябрь
2023
“МЕН КӨШБАСШЫМЫН!”
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы хаты негізінде “МЕН КӨШБАСШЫМЫН!” атты мектеп парламенттерінің көшбасшыларының слетінің аудандық кезеңі өткізілді. Осы слетте мектебіміздің президенті Жақсыкелді Дінасыл, Ақпарат министрі Дүйсен Нұраймен бірге қатысып жүлделі 3-орын иеленді. Жетекшілер: ДТІЖО Нұржан Сәкен Нұржанұлы Аға тәлімгер Есенбек Ербұлан
Математикалық сайыс
10
ноябрь
2023
Математикалық сайыс
4 "Д" сынып оқушысы Бөрібай Адия Qalan платформасы ұйымдастырған 4-турлық математикалық сайыстың финалдық кезеңінде Қазақстандық 38 үміткер арасынан жүлделі орынға ие болып, тегін оқу грантын иеленді. Сынып жетекшісі Байбосинова Айнагуль Хисаровна.
«Akberen Education»
08
ноябрь
2023
«Akberen Education»
5В сынып оқушысы Ескендір Рахым «Akberen Education» республикалық танымдық-шығармашылық журналы ұйымдастырған Республикалық “Мағжан оқулары” конкурсына қатысып, жүлделі II орын иеленді. Болашағың жарқын, жетістіктерің көп болсын.
Әлем чемпионы Томирис
10
октябрь
2023
Әлем чемпионы Томирис
Мектебіміздің 6 “Б” сынып оқушысы Сатыбалды Томирис Турция елінде болып жатқан Тайский бокстан әлем чемпионы атанды. Жарайсың Томирис🎉 6 “Б” сынып жетекшісімен сыныптастары чемпионымызды әуежайдан күтіп алды.
Футболдан аудандық жарыс
03
октябрь
2023
Футболдан аудандық жарыс
№181 ЖББ мектебінің 5-6 сынып оқушылары футболдан аудандық жарыста 2-орын иеленді. Жаттықтырушылар: Алтыбаев Досхан Касымов Рүстем Есенбек Ербұлан #футбол @alatau_bilim_bolimi
«Ұлттық мектеп лигасы»
27
сентябрь
2023
«Ұлттық мектеп лигасы»
Ұлттық мектеп лигасы» аясында 5-6 сынып оқушыларының ұлдар мен қыздары арасындағы теңбіл доптан аймақтық жарыс өтті 1-орын алған №181 ЖББМ Жаттықтырушылар: Алтыбаев Досхан Касымов Рүстем