Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
апрель
2024

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

Мектептің 2024 жылға іс-әрекетінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама
Мемлекеттік мекемелерде 2024 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кестесіне сай мектеп директорының 2024 жылғы 2 сәуірдегі №112 бұйрығына сәйкес 01.04.2024-30.04.2024 аралығында мектеп қызметі бойынша сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізіледі.
Мектеп қызметінің келесі бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін:
Мектеп қызметін қамтитын нормативтік құжаттар мен оның басқармашылық ұйымдастырушылық қызметін реттейтін құжаттарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуын анықтау;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен бағалау:
Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;
Мүдделер қақтығысымен байланыс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Қаржыландыру жобаларын бақылау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыру кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Қаржылық –шаруашылық әрекетпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: