Жетістіктеріміз » Страница 5 » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұлағатты ұрпақ"
20
сентябрь
2022
"Ұлағатты ұрпақ"
Мектебіміздің 6"Д" сыныбының үздік оқушысы Джолдасов Сырым Кенжебайұлы Республикалық "Ұлағатты ұрпақ" энциклопедиялық жинаққа енді. "Күш атасы-білімде" екенін таныған саналы жас өз жетістігін туған халқына, үміт артқан ата-анасына арнағысы келеді. "Бала тәрбиесі-ұлт болашағы" демекші, сынып жетекшісі Нюсипбаева Назым Касымджанқызы да барлық оқушысына мейіріммен қарап, бар білгенін үйретуден жалықпайтын, қамқор жан!
“Мерейлі отбасы - 2022”
12
сентябрь
2022
“Мерейлі отбасы - 2022”
Мектебіміздің 3 “Қ” сынып оқушысы Ержан Жасмин Елдарқызы отбасысымен бірге “Мерейлі отбасы - 2022” ұлттық байқауының қалалық кезеңіне қатысып, өнегелі отбасылық құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлесі үшін Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі А. Қалдыбеков мырза Отарбаевтар отбасын алғыс хатпен марапаттады.
XIX жазғы гимназиада жеңімпазы
02
июнь
2022
XIX жазғы гимназиада жеңімпазы
Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамуытуға қосқан үлесі және дүниежүзілік XIX жазғы гимназиада жеңімпазын дайындағаны үшін дене шынықтыру мұғалімі МАТАНОВ МАҒЖАН ҚАЙРАТҰЛЫ Қазақстан Республикасы премьер-министрі орынбасары Е.Тоғжанов мырзаның алғыс грамотасымен марапатталды.
Жетістік
02
июнь
2022
Жетістік
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінде бұқаралық спорттың дамуы мен дүниежүзілік XIX жазғы гимназиадада жеңімпазды тәрбиелеуде қосқан үлесі үшін дене шынықтыру мұғалімі МАТАНОВ МАҒЖАН ҚАЙРАТҰЛЫ Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов мырзаның алғыс грамотасымен марапатталды.
"Жұлдызды сәт"
24
май
2022
"Жұлдызды сәт"
"Алматы БАЛАFEST” балалар фестивалі аясында аудандық байқауына мектебімізді 8 "Д" сынып оқушысы Нұрлан Ақбаян вокал жанры бойынша жүлделі І орынға ие болып, қалалық байқауға жолдама алды. Жетекшісі: Есенжол Ұлдана Есенжолқызы Биік белестерді бағындыруыңа тілектеспіз! Тек алға!
"Театр өнері арқылы оқуға "
21
май
2022
"Театр өнері арқылы оқуға "
Халықаралық балаларды корғау күні қарсаңында Алматы қаласында өткен "Алматы Бала FEST"фестивалінің аудандық кезеңінде "Театр өнері арқылы оқуға "номинациясы бойынша 181 ЖББ мектептің 9 “б”сынып оқушысы Сабит Айдана І дәрежелі дипломмен марапаталды. Жетекшісі: Килибаева Куралай Жунисовна @kopd_mon_rk
Халықаралық Азия чемпионы
07
май
2022
Халықаралық Азия чемпионы
Алматы қаласы Алатау ауданы N 181 жалпы білім беретін мектептің 1"Ж" сынып оқушысы Умар Әли I орынды иеленіп Халықаралық Азия чемпионы атанды.
қалалық дзюдодан жарыс
06
май
2022
қалалық дзюдодан жарыс
N181 ЖББ мектептің 5 “Л” сынып оқушысы Жәнібек Айсауле қалалық дзюдодан өткізілген жарысқа қатысып I-ші орын иеленіп, грамота және жеңімпаз медалімен марапатталды.
“ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ-ДАРЫНДЫ ШӘКІРТ”
27
апрель
2022
“ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ-ДАРЫНДЫ ШӘКІРТ”
Нұр-Сұлтан қаласы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткізілген “ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ-ДАРЫНДЫ ШӘКІРТ” атты республикалық байқауда 9 ”Ж”сынып оқушысы Меллат Ерасыл жүлделі lll орынды иеленді.Жетекшісі Боденбаева Камшат. @akmurzaevakarlygash @alatau_bilim_bolimi @zhuzelubir @zheniskulss