Біз туралы » Страница 21 » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ашық сабақ
27
ноябрь
2020
Ашық сабақ
Көркем еңбек 6"Е" сынып Тақырып :Бұйымның нобайын дайындау. Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау Мақсаты: Көркем еңбек пәнінен үйренгендерін көпшілікке көрсету. Оқушылардың өз ойларын еркін, ашық айта білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету. 2.Оқушылардың білімін, ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын байқау, алған білімдерін дамыту. Оқушыларды қолөнерге, әсемдікке, еңбек- сүйгіштікке тәрбиелеу. 3. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу.
Психологиялық кеңес
25
ноябрь
2020
Психологиялық кеңес
Мектеп психологы Тасболатова Б.Қ. мектеп бітіруші түлектермен "Тұлғаның өзіне деген сенімділіктерін арттыру" тақырыбында онлайн - тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: оқушылардың ҰБТ - ға байланысты сенімділіктерін арттыру,стрестік қалыптан арылту, бір - біріне деген қарым - қатынасын нығайту. Жандары қаламайтын аласаны, Өрендер алда талай бел асады, Әлемге туған халқын танытатын , Шәкірттер –еліміздің болашағы!
Жетістіктер
19
ноябрь
2020
Жетістіктер
Алматы қаласы Алатау ауданы /180 ЖББМ-те аудандық кітапханашылардың ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай " Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе" атты байқау өткізілді. "Абай өлеңдері мен поэмалары" номинациясы бойынша 181 ЖББМ - тің математика пәні мұғалімі Шитай Серіжан Тәуекелұлы III- орынды иеленді.
Жетістіктер
18
ноябрь
2020
Жетістіктер
Мектебіміздің 10 Ә сынып оқушысы Бекқұл Дания Әл-Фараби атамыздың 1150 жылдық мерейтойына арналған іс шаралар аясында өткізілген халықаралық олимпиадаға география пәні бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсетіп, II орын иеленді. Жетекшісі: Тлеубергенова Айдана Жумабековна.
Жетістіктер
17
ноябрь
2020
Жетістіктер
Тынышкулов Сабыр 8а сынып оқушысы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін мақтан етемін» тақырыбында жас суретшілер байқауында граттаж сурет салу тәсілімен салынған туындысы бас жүлдеге ие болды, Жетекшісі :Уақап Марина
Шеберлік сабақ
13
ноябрь
2020
Шеберлік сабақ
Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге, ұлттық өнер ерекшеліктеріне қызығушылығын арттыру аясында сәндік қолданбалы өнерді дамыту үшін ата аналардың онлайн шеберлік сағаты болып, оқушылар қол өнердің қыр сырымен танысты
Пайдалы ойындар
11
ноябрь
2020
Пайдалы ойындар
Ғылыми-техникалық білім беру бағыты бойынша 7-8 сыныптарға информатика пәнінің мұғалімі Жүрсінбекова Дана"Пайдалы ойындар" тақырыбында онлайн тренинг өткізіп, оқушыларға компьютерлік бағдарламалардың артықшылықтары туралы түсінік берілді
Психологиялық кеңес
11
ноябрь
2020
Психологиялық кеңес
Мектеп психологтары ата - аналарға қазіргі қиын қыстау кезеңде балалармен тығыз қарым - қатынас орнатуға және " Зорлық - зомбылықтың баланың психо -эмоционалды дамуына әсері" тақырыбында бірнеше ұсыныс - кеңестер ұсынды. Халық даналығына сүйенсек, " Егер сен бір жылдық өміріңді ойласаң онда арпа ек, он жылдық өміріңді ойласаң ағаш ек, ал ғасырлық өміріңді ойласаң онда бала тәрбиеле" деп босқа айтпаған. Тәрбие ешқашан үзіліс, демалыс күндері дегенді білмейді. Ендеше құрметті ата - аналар