Іс-шаралар » Страница 7 » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Құқықбұзушылықтың алдын-алу”
01
март
2022
“Құқықбұзушылықтың алдын-алу”
Мектебіміздің 8 сынып ұл балалары үшін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Н.Нұржан мен мектеп инспекторы Е. К. Нусупбаевтың ұйымдастыруымен “Құқықбұзушылықтың алдын-алу” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. @alatau_bilim_bolimi @zhuzelubir @zheniskulss @almaty_mektepteri @edu.almaty
"Кел, балалар,оқылық!"
28
февраль
2022
"Кел, балалар,оқылық!"
Ыбырай Алтынсарин-қазақ даласында ең алғаш мектеп ашып, балаларды "Кел, балалар,оқылық!"-деп оқуға шақырған еді.Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері адамды рухани тазалыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке адалдыққа тәрбиелейді. «Сиса көйлек үстіңде, Тоқуменен табылар. Өнер-білім бәрі де, Оқуменен табылар»-деп Ыбырай атамыз айтқандай, үнемі оқып, ізденіс үстінде болуымыз керек. Ашық тәрбие сағаты: "Кел, балалар, оқылық!" Сыныбы: 1"Д" Сынып жетекшісі:Бөшенова Дана Серкебайқызы
«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр»
26
февраль
2022
«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр»
Ақпан айы – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келген айы. Тума талант бұл күнде өмірден өтсе де, барша қазақтың жүрегінде берік орныққан. 25.02.2022 мектебіміздің 1 «Ж» сынып оқушылары Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.Сынып жетекшісі:Садырбаева Қымбат Ибраимовна Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылық өлеңдерімен оқушыларды таныстыру. Ғасыр ақыны Мұқағалидың жырларын насихаттау. Ақын өлеңдерінің мәңгілік
Ауған соғысының ардагерлері
23
февраль
2022
Ауған соғысының ардагерлері
22.02.2022 ж 3 "Г" сыныбында "Ауған соғысының ардагерлері" тақырыбында тәрбие сағаты болды. Мақсаты: оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Берикова Айгерим Максатовна
18.02.2022 жылы 2 "Ж"  сыныбы қазақ тілі пәнінен  "Ұлтымыздың салт-дәстүрін білгенің жөн. Сөз таптары" тақырыбында ашық сабақ өтті.    Сабақтың мақсат
22
февраль
2022
18.02.2022 жылы 2 "Ж" сыныбы қазақ тілі пәнінен "Ұлтымыздың
18.02.2022 жылы 2 "Ж" сыныбы қазақ тілі пәнінен 18.02.2022 жылы 2 "Ж" сыныбы қазақ тілі пәнінен "Ұлтымыздың салт-дәстүрін білгенің жөн. Сөз таптары" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Салт-дәстүрге не жататынын ажырата білуге, ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныса отырып, сөз таптарының түрлерін түсіндіру. Сынып жетекшісі: Орынбай Гүлданатақырыбында ашық сабақ өтті.
Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ. Әкем,анам және мен
19
февраль
2022
Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ. Әкем,анам және мен
Мектебімізде “Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ. Әкем,анам және мен” атты 1-сыныптар арасында спорттық сайыс ұйымдастырылды. Сайыс жақсы нәтижелермен өз мәресіне жетті. Ұйымдастырған мектебіміздің жас мамандары: Әсен Ұлпан Айдосқызы, Сабырова Мөлдір Тұрарбекқызы, Мырзахметова Бағдагүл Кошербайқызы, Қыдырбек Анар Жомартқызы
«Жырлайды жүрек»
09
февраль
2022
«Жырлайды жүрек»
Алматы қаласы «№181 жалпы бiлiм беретін мектепте» педагогтер арасында «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған жыр мүшәйрасы жоғары деңгейде өтті. Байқауда өз бақтарын сынап қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Алдаберлі Мархабат I орын, информатика пәнінің мұғалімі Аманжол Перизат және физика пәнінің мұғалімі Есимжанова Мәншүк II орын, ағылшын пәні мұғалімі Мұхамеди Айдана және бастауыш сынып мұғалімі Кулаханова Айнаш III орынды иеленді. Байқау ережесінің талаптарына сай
Сүйіспеншілік жолындағы өмір
03
февраль
2022
Сүйіспеншілік жолындағы өмір
181 ЖББМ кітапхана меңгерушісі Б. П. Аманкулова "Өзін-өзі тану" пәнінің 10 күндігіне орай "Сүйіспеншілік жолындағы өмір" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, 4 Г сынып жетекшісі М. Қ. Момбекова оқушыларымен Сара Алпысқызының өмірі мен шығармашылығы, еңбектерімен таныстырылды.
Рахмет саған сүйікті Әліппе
30
декабрь
2021
Рахмет саған сүйікті Әліппе
29.12.2021 күні 1”Ж” сыныбында Әліппемен қоштасу "Рахмет саған сүйікті Әліппе!" атты тәрбие сағаты өткізілді. Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын имене аттаған оқушыларым бүгін сәл есейгендіктерін көрсетті.Қазір әріпті танып, оқи да, жаза да біледі. Мен үшін де, шәкірттерім үшін де үлкен жетістік. Әрі қарай оқушыларыма сарқылмас білім, таудай талап тілеймін. Қанаттарың талмай,білімнің шыңына жетіңдер!!! Сынып жетекшісі: Садырбаева Қымбат Ибраимовна
Жаңа жылдық сыйлықтар
28
декабрь
2021
Жаңа жылдық сыйлықтар
🔰Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен мектебіміздегі әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасынан шыққан бастауыш сыныптың 218 оқушысына жаңа жылдық тәттілерді мектеп директоры Сатаева Женискуль Имангалиевна табыстады. Жаңа жылымыз жақсылығымен келсін!🎄 @alatau_bilim_bolimi @akmurzaevakarlygash @edu.almaty @almaty_mektepteri