Ақпарат » Страница 96 » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ашық сабақ
26
ноябрь
2020
Ашық сабақ
26 .11.2020 жылы музыка сабағынан 5"б" сыныбына "Қазақ халқының тұрмыс-салт әндері " ("Бесік жыр," "Тұсау кесер", "Қыз ұзату"тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты мақсаты: Музыканың түрін,стилі мен жанрын, музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау,тыңдалған шығарманы талдау. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу және дәстүрлі халықтық әндерді насихаттау. Жас ұрпақты халық әндерін нақышына келтіре орындауға баулу
Психологиялық кеңес
25
ноябрь
2020
Психологиялық кеңес
Мектеп психологы Тасболатова Б.Қ. мектеп бітіруші түлектермен "Тұлғаның өзіне деген сенімділіктерін арттыру" тақырыбында онлайн - тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: оқушылардың ҰБТ - ға байланысты сенімділіктерін арттыру,стрестік қалыптан арылту, бір - біріне деген қарым - қатынасын нығайту. Жандары қаламайтын аласаны, Өрендер алда талай бел асады, Әлемге туған халқын танытатын , Шәкірттер –еліміздің болашағы!
Аудандық семинар
24
ноябрь
2020
Аудандық семинар
23 қараша 2020ж күні "Қазақ халқының дәстүрлі отбасылық құндылықтары" тақырыбында мектебімізде аудандық білім бөлімі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен семинар өтті. Семинардың мақсаты: "Отбасы құндылықтары туралы ұғымдарды кеңейту, отбасы тәрбиесінің мән-мағынасын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді, ата ана және бала қарым-қатынасын өзара байланысты қалыптастыру. Семинарда 6в сыныбы және 5л сыныптары қатысып, отбасылық құндылықтары туралы өз пікірлерін
Жетістіктер
19
ноябрь
2020
Жетістіктер
Алматы қаласы Алатау ауданы /180 ЖББМ-те аудандық кітапханашылардың ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай " Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе" атты байқау өткізілді. "Абай өлеңдері мен поэмалары" номинациясы бойынша 181 ЖББМ - тің математика пәні мұғалімі Шитай Серіжан Тәуекелұлы III- орынды иеленді.
Жетістіктер
18
ноябрь
2020
Жетістіктер
Мектебіміздің 10 Ә сынып оқушысы Бекқұл Дания Әл-Фараби атамыздың 1150 жылдық мерейтойына арналған іс шаралар аясында өткізілген халықаралық олимпиадаға география пәні бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсетіп, II орын иеленді. Жетекшісі: Тлеубергенова Айдана Жумабековна.
Жетістіктер
17
ноябрь
2020
Жетістіктер
Тынышкулов Сабыр 8а сынып оқушысы, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін мақтан етемін» тақырыбында жас суретшілер байқауында граттаж сурет салу тәсілімен салынған туындысы бас жүлдеге ие болды, Жетекшісі :Уақап Марина
Мен зорлық- зомбылыққа қарсымын!
14
ноябрь
2020
Мен зорлық- зомбылыққа қарсымын!
Бүгін мектеп инспекторы Бапанов А.Б. мен мектеп психологы Тасболатова Б.Қ. 7 - 10 сынып оқушыларымен " Мен зорлық - зомбылыққа қарсымын" тақырыбында онлайн кездесу өткізіп, оқушылармен түсіндірме жұмыстары сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы зорлық - зомбылықпен күресу жолдары кеңінен талқыға салынды. Қоғам үшін бастысы - Тәуелсіздік, адам үшін - бас бостандығы және уайымсыз өмір. Оның кепілі - заңдылық. Шешілмейтін мәселе жоқ! Осыны ұмытпаңыздар.
Шеберлік сабақ
13
ноябрь
2020
Шеберлік сабақ
Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге, ұлттық өнер ерекшеліктеріне қызығушылығын арттыру аясында сәндік қолданбалы өнерді дамыту үшін ата аналардың онлайн шеберлік сағаты болып, оқушылар қол өнердің қыр сырымен танысты