Ақпарат » Страница 7 » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқушыларының орта буынға бейімделуіндегі мұғалімнің рөлі.
15
февраль
2024
Оқушыларының орта буынға бейімделуіндегі мұғалімнің рөлі.
Тренинг тақырыбы 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіндегі мұғалімнің рөлі. Мақсаты: 1. Орта буынға откен оқушылардың арасында кездесетін қиыншылықтар мен кедергілерді біріге отырып шешу. 2. Мұғалімдердің арасындағы сыйластықты нығайту. Ұйымдастырушы: Әбдікәрімова Д.Н.
ETANDAU.GOV.KZ
15
февраль
2024
ETANDAU.GOV.KZ
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы оқулықтарды таңдау бойынша арнайы ETANDAU.GOV.KZ платформасы туралы түсіндірме жұмысы жасалды. Бастауыш сынып бірлестігі, филология пән бірлестігі, Қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі, Қоғамдық-гуманитарлық бірлестігі және Ғылыми-жаратылыстану бірлестіктері қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Кітап сыйлау күні
14
февраль
2024
Кітап сыйлау күні
Халықаралық кітап сыйлау күні 2012 жылдан бастап жыл сайын 14 ақпанда аталып өтіледі. Мақсаты – кітаптың құдіретiн арттырып, балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Кітап сыйлау аздық етпейді. Бір-бірімізге кітап сыйлап, рухани бай болайық. Мереке құтты болсын кітап сүйер қауым!
“Speaking is a productive skill”
13
февраль
2024
“Speaking is a productive skill”
Алматы қаласы Алатау ауданы №181 ЖББ мектептің директоры Сатаева Жеңіскүл Иманғалиқызы Ұлыбританияға барған сапарында алған тәжірибесін мектебіміздің ұстаздарымен бөліскен еді. Осы негізде 07.02.2024 жылы ағылшын тілі мұғалімдері жас мамандарға “Speaking is a productive skill” тақырыбында мектепішілік семинар өткізді. Семинардың мақсаты:сөйлеу дағдысын қалыптастыру,сөздік қорды көбейту, үлгерімі төмен оқушылардың ,білім сапасын арттыру.
Франция елшілігінің Білім  саласынан келген қонақтар
12
февраль
2024
Франция елшілігінің Білім саласынан келген қонақтар
Мектебімізге Франция елшілігінің Білім саласындағы қарым- қатынастар бойынша аташесі Ксавье Ле Торривеллек және Алматыдағы Франция консулы Фабрис Неве келіп, өз жаңалықтарымен бөлісіп, бірнеше кітаптарды сыйлады.
“Оқуға құштар мектеп”
09
февраль
2024
“Оқуға құштар мектеп”
“Оқуға құштар мектеп”жобасы аясында 3-4 сыныптар арасында «Білім көзі кітапта» тақырыбында аудандық мектептер арасында үздік оқырман байқауында 3”Д” сынып оқушысы :Жеңіс Аяулым II орын иеленді Сынып жетекшісі: Бөшенова Дана Серкебайқызы
Алматы қаласының чемпионаты
08
февраль
2024
Алматы қаласының чемпионаты
9 “А” сынып оқушысы Ануарбекова Надира ережесіз жекпе-жектен (ММА) Алматы қаласының чемпионатында 1 орынға ие болды .
Қалалық семинар
07
февраль
2024
Қалалық семинар
Алматы қаласы, Наурызбай ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Этнодизайн үйірмесінің заманауи талаптарға сай инновациялық үрдістерін ұйымдастыру” қалалық семинарына мектебіміздің ДТІЖО Нұржан Сәкен Нұржанұлы және көркем еңбек пәнінің мұғалімі Мамбетов Жумагул Елшиевич қатысып, тәжірбиесін арттырды.
Алаш ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері
06
февраль
2024
Алаш ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері
05.02.2024ж. тарих апталығы аясында педагог-шебер Сәденова Айна Жаңабергенқызы 11”А”сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы:Алаш ұлттық идеясының тұжырымдамалық негіздері.Сабақтың мақсаты:Алаш ұлттық идеясының тарихи негіздерін анықтау. Оқушылар АКТ пайдаланып топтық жұмыстар атқарды. Сабақта “OR-coge monkey”,”D-id”сайттары қолданылды.
“Тарих - өткенге сабақ, Келешекке өнеге”
05
февраль
2024
“Тарих - өткенге сабақ, Келешекке өнеге”
“Тарих - өткенге сабақ, Келешекке өнеге” Мақсаты: Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу, оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту. Өткен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу. Тарих апталығының өтетін уақыт аралығы: 05.02.2024 - 09.02.2024📎