Ақпарат » Страница 13 » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Акелиус” жобасы
27
ноябрь
2023
“Акелиус” жобасы
“Акелиус” жобасын оқыту жоспарына сәйкес, мектебіміздің ағылшын және орыс тілі пәні ұстаздары № 152 мектеп-гимназиясында өткен семинарға қатысып, тәжірибе алмасты. Аталмыш семинарда: - аралас оқыту әрбір заманауи педагог үшін маңызды оқыту құралы; - аралас оқыту моделі; - оқушыларды бағалау және мотивация беру мәселесі; - аралас оқытудағы кездескен проблемаларды оңтайлы шешу жолдары қарастырылып, талқыланды.
Аудандық семинар
24
ноябрь
2023
Аудандық семинар
24.11.2023ж № 181 ЖББ мектебінің педагог-психологтары Бапанова Р. мен Капалбаева А.Т. ұйымдастыруымен ”Білім беру мекемесіндегі оқушылармен түзету-дамыту жұмыстары” атты тақырыпты семинар өтті. Мақсаты: Жасөспірімдердің тұлғалық мінез-құлық ерекшеліктерін психологиялық түзету. Алатау аудандық білім бөлімінің әдіскері Смагулова А.Б мен № 181 ЖББМ директорының міндетін атқарушы Нұржан С.Н сөз сөйлеп семинарды ашты . Семинар барысында: “Менің отбасым” тренинг, “Жұбыңды тап”ойын-жаттығу ,“Кім
“Білім бәйгесі”
23
ноябрь
2023
“Білім бәйгесі”
4-сыныптар арасында “Білім бәйгесі” интеллектуалды ойын-сайысы өтті. Мақсаты: Оқушылардың сыныптан тыс шараларға белсене қатысуы мен ұжымдық жұмыс жасауын нығайту, ой шапшаңдығын байқау, пәндерді игеруін анықтау және танымдық шығармашылық қабілеттерін арттыру. Ұйымдастырушы: Орынбай Гүлдана Мырзаханқызы Төреші болған 11 “Ғ” сынып оқушылары Сұлтанбай Жасұлан, Қойшыбек Айтқалиға АЛҒЫС БІЛДІРЕМІН!
“Кітап асыл қазына”
22
ноябрь
2023
“Кітап асыл қазына”
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Кітап асыл қазына” тақырыбымен 4 “И” сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Назгуль Тлектесовна кітапханасын таныстырылымы болды. Мектеп кітапханасы қорына түскен жаңа әдебиеттерді таныстыру, кітап оқуға насихаттау, әрбір оқушының тұлға болып қалыптасуына ықпал ету мақсатында мектеп кітапханасы қорына жаңадан келіп түскен көркем әдебиеттерге жарнама жасалды.
«Ұлттық ойындар»
21
ноябрь
2023
«Ұлттық ойындар»
4”Е” сыныбы. Сынып жетекшісі Нахыбаева Ботакөз Кулбайқызы. Әдебиеттік оқу пәнінен «Ұлттық ойындар» тақырыбында Алық сабақ өтті Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.
“МЕН КӨШБАСШЫМЫН!”
20
ноябрь
2023
“МЕН КӨШБАСШЫМЫН!”
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы хаты негізінде “МЕН КӨШБАСШЫМЫН!” атты мектеп парламенттерінің көшбасшыларының слетінің аудандық кезеңі өткізілді. Осы слетте мектебіміздің президенті Жақсыкелді Дінасыл, Ақпарат министрі Дүйсен Нұраймен бірге қатысып жүлделі 3-орын иеленді. Жетекшілер: ДТІЖО Нұржан Сәкен Нұржанұлы Аға тәлімгер Есенбек Ербұлан
«Бес табан» және «Бес асық» ойындары
17
ноябрь
2023
«Бес табан» және «Бес асық» ойындары
Оқу ағарту министірлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің мәліметінше, 17 қарашада еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде ұлттық ойындар челленджі өтеді,соған байланысты «Бес табан» және «Бес асық» ойындарын ойнайды. №181 ЖББМ дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектебімізде Ұлттық ойын «Бес асық» ойыны ойнатылды. Ойынға 5-6 сынып оқушылары белсене қатысты. Ойынның мақсаты оқушылардың бойына ұлттық, патриоттық тәрбиені дарыту мақсатында және ұлттық
Мультимедиялық Дәстүрлі Музыка орталығы
16
ноябрь
2023
Мультимедиялық Дәстүрлі Музыка орталығы
Бүгін мектебіміздің 7”А” сынып оқушылары, Аға тәлімгер Есенбек Ербұлан мен мектеп президенті Жақсыкелді Дінасыл және мәдениет министрі Байымбетова Сая Мультимедиялық Дәстүрлі Музыка орталығына барып, қазақтың дәстүрлі музыка тарихынан сыр шертіп видео және аудиоматериалдарымен танысты. Музей коллекциясында қазақ ән-күй өнерінің танымал қайраткерлерінің музыкалық аспаптарын көрді @edualmaty @museum_multimediya @akmurzaevakarlygash #домбыра #музей #күй
Бастауыш 3-4 сыныптар онкүндігі
15
ноябрь
2023
Бастауыш 3-4 сыныптар онкүндігі
Мұхтар Әуезовтың туғанына 126 жыл “Білім - бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ - әлдекімнің азығы” атты 13.11-24.11.2023 жыл аралығында бастауыш 3-4 сыныптар онкүндігі
Республикалық турнир
14
ноябрь
2023
Республикалық турнир
Шымкент қаласында еркін күрестен 2013-2014 ,2012-2011жылғы жас өспірімдер арасында өткен республикалық турнирде жүлделі орын алған мектебіміздің балуандары Жарылқасын Ақылжан 5ғ 🥇(6 белдесу өткізіп,барлық белдесуде айқын басымдылық пен жеңіске жетті.) Бәкір Азамат 6д 🥈 Серік Шыңғыс 5ж 🥉