ата-аналар жиналысы » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
октябрь
2020

ата-аналар жиналысы

2020 жылдың 24 қазан күні №181 мектепте ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібі бойынша жиналыста Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018–2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 29-бөлімі негізінде мектеп директоры Ж.И Сатаева бейне-конференция байланыс арқылы мектепке бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп берді. 2020 жылға арналған кіріс және шығыс есебінде мектеп қаржысының мақсатты жұмсалғаны туралы толық түсініктеме беріп, алдағы жоспарлармен де бөлісті.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қасымжанов Е қашықтықтан сабақ беруде оқушыларға сапалы білім берудің бірнеше жолы қарастырылғандығын, синхронды түрде мұғалімдер оқушылармен түрлі онлайн-платформалардың көмегімен байланысқа шығып, «Daryn.online», «BilimLand (яғни, МектепОнлайн)», «СФЕРА» платформалары мұғалімдер мен ұстаздардың қалауы бойынша қолданып жатқандығын, "Zoom" жүйесі арқылы онлайн бетпе-бет сабақтар өткізіліп жатқандығын айтып өтті. «5-11 сыныптарда пәндер бойынша оқушылардың оқу жетістіктеріне күнделікті/формативті, 1 бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және 1 тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) жүргізіледі. 5-15 қазан аралығында 5-11 сыныптарда БЖБ өткендігін, 28 қазаннан бастап 5-11 сыныптарда ТЖБ мектеп әкімшілігі жасаған кестесіне байланысты белгіленген уақытта өткізіледі» - деп атап көрсетті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

10 октябрь 2020 қабылдау
13 октябрь 2020 қабылдау
13 октябрь 2020 қабылдау
05 февраль 2020 жетістік