Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің онкүндігі » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
декабрь
2023

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің онкүндігі

Тіл танымдық мектептер – 2024
Сабыр Жансәуле Зәріпқызы А.Байтұрсынұлы атындағы ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ. Академик Рәбиға Сыздықтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Сөз сазы және стилистика» атты республикалық ғылыми-теориялық семинарда баяндама жасады.

Алатау ауданының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне 5-8, 10-сыныптарда аралық аттестаттауға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Семинарға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.
24.09.2023 жылы Тілдер мерекесіне орай «Ақынын ұлықтаған ел - ардақты» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Меллат Төлеген мен Дүрменов Асхаттың шығармашылық кеші өтті. Кеште қос ақынның өлеңдері оқылды.

22.09.2023 жылы «Тіл – ұлт байлығы, халық қазынасы» тақырыбында 7-8 сыныптар арасында зияткерлік сайыс өтті.


04.12.2023 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ж.Сабыр, А.Дүрменов, С.Рахымжановтың ұйымдастыруымен «Менің тілім – менің тағдырым» Ы.Алтынсарин шығармашылығына арналған мектеп оқушыларымен апталықтың ашылуы өткізілді. Ы.Алтынсарин өлеңдері оқылып, әңгімелерінен шағын көрініс көрсетілді. Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген оқушылыарға сыйлықтар берілді.


05.12.2023 жылы А.Төрениязова , А.Алимова , А. Мұхамедияровтың ұйымдасытыруымен Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған және 06.12.2023 жылы М.Тебеева, Т.Қайранованың Жүсіпбек Аймауытовтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған іс – шаралар өткізілді. Мақсаты ұлы тұлғаларымыздың шығармашылығын оқушылар арасында насихаттап, толық мағлұмат беру.

08.12.2023 жылы мектеп кітапханасында А. Дүрменов 8 сынып оқушыларымен «Не? Қашан? Қайда?» танымдық ойынын ұйымдастырды. Танымдық ойын жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мақсаты: Оқушыларды мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.


12.12.2023 жылы А.Есениязова, Ж.Кешуова ,М. Мырзалиеваның ұйымдастыруларымен А. Байтұрсынұлының шығармашылығы. Мектептегі қазақ тілі оқулықтарының авторы, Ахметтанушы, ғалым Қапалбек Бижомартпен 10 -11 сынып оқушарының қатысуымен мектеп кітапханасында кездесу өтті. Іс – шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолынан біраз құнды деректермен танысып оқушылар мағлұматтар ала білді.

С.Рахымжанов мектеп оқушылары арасында «Мақал - сөздің мәйегі» танымдық ойынын өткізді.










Жетістіктер
Байымбетова Сая Қалалық «Абай әлемі» олимпиадасына қатысып, қалалық кезеңде 1-орынды иеленіп, Республикалық кезеңге жолдама алды.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: