Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
февраль
2023

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл

Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен, асқан шеберлікпен бере білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл тек шабыты жоғары, өлең шығару дарыны бар үлкен талант иесінің қолынан ғана келеді. Қазақ поэзиясының ханзадасы һәм бірегей сардары ретінде танылған Мұқағали Мақатаев әрқашан халықының жүрегінде. Шындығында, Мұқағали бойындағы тамаша талантын жұртына арнаған.
Бүгін мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің және жоғары сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін…» атты Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуын еске алуға арналған әдеби поэзиялық жыр кеші өтті. Кешке қатысқан оқушылар өз өнерін жоғары дәрежеде көрсетіп, көрермендердің ықыласына бөленді. Талантты оқушылар ақынның сөзіне жазылған әндерді әуелетіп шырқап, би биледі.
Мақсаты: Оқушыларды қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмір және
шығармашылығымен таныстыру, қазақ өлеңдерін мәнерлеп оқуға, мағынасын аша
білуге, көрерменге жеткізе білуге тәрбиелеу.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: