Дұрыс тамақтануды насихаттау » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
ноябрь
2022

Дұрыс тамақтануды насихаттау

11 қараша күні мектебімізде 4-5 сынып оқушыларымен «Мектеп жасындағы балалардың дұрыс тамақтануы» тақырыбында семинар жүргізілді. Семинарды №29 Қалалық емханасының психологтары А.Н Касимова мен У.С. Жумабаева жүргізді.
Балаларға дұрыс тамақтану жөнінде түсіндірілді. Балалардың дұрыс тамақтануы олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік беретіндігі, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттыратындығы, дұрыс тамақтану денсаулықтың басты факторы екендігі айтылды. Адамның тамақтануында минералды заттар маңызды рөл атқарады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадығы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейтіндігі айтылып, түсіндірілді.
Тамақтану тәртібі, тамақтанудың негізгі ережелері, тамақтану процесінің принциптері, тамақ ішу тәртібі толық түсіндірілді.

Әлеуметтік педагог: Сапарханова Назерке


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

08 июнь 2021 Емтихан
10 февраль 2020 жиналыс