жолдау » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
сентябрь
2022

жолдау

Ассалаумағалейкум баршаңызға, қадірменді де қадірлі отандастар, әріптестер, жолдастар! Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының 1 қыркүйектегі жолдауы халыққа жол тартты. Президентіміздің жаңа реформалары еліміздің прогрессивті дамуына, қазіргі кездегі келеңсіз экономикалық және социалдық мәселелерді шешуде, еліміздің тұғырын асқақтатып, негізін мықтап беріктеуге аса таптырмас инновация болып табылады. Мектеп ұстазы болғандықтан, тек мемлекетке ғана емес, сонымен де бізге, қарапайым ұстаздарға, жеке басыма да бұл реформалардың алуан пайдасын айта кетсем деп едім.
Ең әуелі президент өз жолдауында: “Біз қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды тәрбиелеуіміз қажет. Оқу-ағарту министрлігі популисттердің жетегінде кетпей, балалардың мүддесін қорғауға тиіс.”,-деген болатын. Осы сөзі дәлме-дәл, тұспа-тұс келіп тұр. Себебі, қазіргі ХХІ ғасырда қайта өршіп келе жатқан ұлтшылдыққа бой беріп жатқан азаматтар жетерлік. Алайда, соқыр ұлтшылдық кесірінен жас ұрпақтың біліміне балта шабуға болмайды, әйтпесе тіліміздің түбі құрдымға кетеді, қазақ тілі өз актуалдылығын жоғалтады. Керісінше, орыс тілін де, қазақ тілін де, ағылшын тілін де білуіміз еліміздің алдында оңтайлы перспективалар тудырып, тіліміздің жаңа заман тілдерінің төрінде жайғасуына септігін тигізе алады. Ұлтшыл емес, ұлтжанды болайық, ағайын!
Екінші бір мәселе, “Ұлттық қор - жастарға” бастамасы еліміздің жас ұрпағының білім алып еліміздің дамуына, үйленіп үй болып еліміздің отбасы институты мен демографиялық ахуалына өз үлесін қосуға керемет бастама болып табылады.
Қазіргі таңдағы жаһандық ахуал күрделі әлі күрбелең болып тұрған-ды. Осындай ахуалда президент жолдауы халқымыздың ахуалына, еліміздің инновациялық-стратегиялық даму үдерісіне, заңнамалық және бюрократиялық олқылықтарды түзетуге бағытталған жаңа реформалары дәл уақытылы болып келетіні аңық. Ендігі таңда осы реформалардың жүзеге асырылуы қатаң бақылауда ұсталып, әділетті Жаңа Қазақстанды бірге қүрамыз деген сенімдемін!!! #tokayev #tokayev_online #zholdau #kasymzhomart_tokaev #zhanakazakhstan #zholdau2022 #181mektep #almaty

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

08 апрель 2022 Мәжіліс отырысы
05 сентябрь 2020 ақпарат