Еске алу » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
июнь
2021

Еске алу

#Repost @ruh_qz (@get_repost)
・・・
✅Қазақ елі тәуелсіздігі қолына тигеннен кейін бар-жоғын түгендеген заман келді. Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мақсатында 1993 жылдың 14 сәуірінде арнайы заң қабылданды. Елімізде 1997 жылдан бері 31 мамыр саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп атап өтіліп келеді.

✅Тарихшы ғалымдардың, зерттеушілерінше өткен ғасырдың 20-шы және 50-ші жылдар аралығында Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңы ату жазасына кесілген. Қазақ жерінде осындай саяси тұтқындардың жиырмадан астам лагері болды. Саны аз халықтың осындай бастан кешкен трагедиясы ешқашан естен шықпақ емес.

✅Социалистік режим ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін арқылы халқымызды көп жағынан жайратып, халқымызды қаймағынан айырды. Оның зардабы талай жылдарға созылды. Ұлттық сананың құлдықтан арылуы мен ойдың азат болуы тек қана еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана өз арнасына біртіндеп түсіп келеді.

✅Қазақ елі жыл сайын осы күні барлық құрбандардың аруақтарына тағзым етеді және өткеннен сабақ алып, қаралы тарихын ұмытпайды.

#руханижаңғыру
#руханижангыру
#рухкз
#31мамыр
#саясиқуғынсүргінқұрбандарынескеалукүні
#репрессия

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

05 сентябрь 2020 ақпарат
10 октябрь 2020 қабылдау
13 октябрь 2020 қабылдау
13 октябрь 2020 қабылдау