" Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау
№181 ЖББ мектепте 16 Желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Біріңғай " Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына 5 - сынып оқушыларын қабылдау рәсімі болып өтті. Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік,отан тарихына, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.