«Бірлігіміз бір, сондықтан да жеңілмейміз»
Мектебіміздің 6"Д" сыныбында тәрбие жоспарына сәйкес «Бірлігіміз бір, сондықтан да жеңілмейміз» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.