Материалы за Ноябрь 2020 года » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №181» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№181 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 246-70-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 246-70-62
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ашық сабақ
30
ноябрь
2020
Ашық сабақ
Бугин,30.11.2020ж 7б сыныбында Казакстан тарихы панинен," Бокей Ордасындагы 1836-1838ж казактар котерилиси "такырыбында ашык сабак отилди. Сабактын максаты:Улт-азаттык козгалыстын себебин аныктау ,котерилис басшыларынын ролине бага беру. Пан мугалими Нуркасымова Гульмира Базарханкызы.
Қабылдау
27
ноябрь
2020
Қабылдау
Бүгін, 27.11.2020күні №181 ЖББ мектепте 1-Желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Біріңғай " Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсімі болып өтті. Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік,отан тарихына, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Ашық сабақ
27
ноябрь
2020
Ашық сабақ
Көркем еңбек 6"Е" сынып Тақырып :Бұйымның нобайын дайындау. Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау Мақсаты: Көркем еңбек пәнінен үйренгендерін көпшілікке көрсету. Оқушылардың өз ойларын еркін, ашық айта білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету. 2.Оқушылардың білімін, ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын байқау, алған білімдерін дамыту. Оқушыларды қолөнерге, әсемдікке, еңбек- сүйгіштікке тәрбиелеу. 3. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу.
Ақпарат
27
ноябрь
2020
Ақпарат
27.11.2020 күні м ектеп кітапхана меңгерушісі Аманкулова Ботагоз Пашаровна оқушыларды оқу мәдениетіне, кітаптың адам өміріндегі маңызы және кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында 1 сынып оқушылар оқитын кезекші сыныптармен мектеп кітапханасын таныстыруымен қатар "1 ЖЕЛТОҚСАН ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ" күніне орай көрме ұйымдастырылды. Мектеп әкімшілігі 1 сынып оқушыларға жақсы білім алуға және сәттілік тілей отырып балаларға " Ақылды әңімелер" кітабын сыйға тарту етті.
Олимпиада
26
ноябрь
2020
Олимпиада
Бүгін 26.11.2020 күні мектебімізде биология, география, математика, физика, информатика пәндерінен кезекті мектепішілік олимпиада болып өтті. Аудандық кезеңге өткен оқушыларға сәттілік.
Ашық сабақ
26
ноябрь
2020
Ашық сабақ
26 .11.2020 жылы музыка сабағынан 5"б" сыныбына "Қазақ халқының тұрмыс-салт әндері " ("Бесік жыр," "Тұсау кесер", "Қыз ұзату"тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты мақсаты: Музыканың түрін,стилі мен жанрын, музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау,тыңдалған шығарманы талдау. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу және дәстүрлі халықтық әндерді насихаттау. Жас ұрпақты халық әндерін нақышына келтіре орындауға баулу
Психологиялық кеңес
25
ноябрь
2020
Психологиялық кеңес
Мектеп психологы Тасболатова Б.Қ. мектеп бітіруші түлектермен "Тұлғаның өзіне деген сенімділіктерін арттыру" тақырыбында онлайн - тренинг өткізді. Тренинг мақсаты: оқушылардың ҰБТ - ға байланысты сенімділіктерін арттыру,стрестік қалыптан арылту, бір - біріне деген қарым - қатынасын нығайту. Жандары қаламайтын аласаны, Өрендер алда талай бел асады, Әлемге туған халқын танытатын , Шәкірттер –еліміздің болашағы!
Аудандық семинар
24
ноябрь
2020
Аудандық семинар
23 қараша 2020ж күні "Қазақ халқының дәстүрлі отбасылық құндылықтары" тақырыбында мектебімізде аудандық білім бөлімі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен семинар өтті. Семинардың мақсаты: "Отбасы құндылықтары туралы ұғымдарды кеңейту, отбасы тәрбиесінің мән-мағынасын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді, ата ана және бала қарым-қатынасын өзара байланысты қалыптастыру. Семинарда 6в сыныбы және 5л сыныптары қатысып, отбасылық құндылықтары туралы өз пікірлерін
Жетістіктер
19
ноябрь
2020
Жетістіктер
Алматы қаласы Алатау ауданы /180 ЖББМ-те аудандық кітапханашылардың ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай " Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе" атты байқау өткізілді. "Абай өлеңдері мен поэмалары" номинациясы бойынша 181 ЖББМ - тің математика пәні мұғалімі Шитай Серіжан Тәуекелұлы III- орынды иеленді.